$ 494.87  520.65  4.91

ОҚО-да мемлекеттік қызметке талпынушылардың қатары көбейіп келеді

2015 жылдың 9 айдың көрсеткіші бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық тестілеу залында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне тұруға үміткерлерге арналған тестілеуге келгендер саны – 2890, оның ішінде 1037 шекті мәнінен жоғарғы нәтиже алса, ал 1834 төмен нәтиже алды.

Сонымен қатар, тестілеу ережесін  жыл басынан бері 19 азамат бұзған.

Бұл тұста, мемлекеттік қызметшілер тарапынан екінші рет  тестілеу ережесін бұзу деректері де анықталып отыр.

Мәселен, тестілеу барысында, азамат А. мен азамат Ш. бір-бірінің жеке сәйкестендіру нөмірлерін компьютерге  ауыстырып енгізу арқылы тест тапсырмақшы болған.

Алайда, тестілеу әкімшісі аталған азаматтардың қисынсыз әрекеттерін байқап, Тестілеу ережесін бұзғандығы туралы акт түзіп, тестілеу залынан шығарылды.

Зерделеу барысында, азамат Ш. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы әкімдігі, Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімінде бас маман болып қызмет атқаратындығы анықталған.

Осыған байланысты, Департамент тарапынан Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкіміне және Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысына аталған мемлекеттік қызметшіге тәртіптік шара қолдану жөнінде хат жолданды.

Нәтижесінде, бас маманға қатысты Ар-намыс кодексінің жоғарыда аталған талаптарын сақтамай, мемлекеттік қызметтің оң беделіне нұқсан келтіргені үшін «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазалары қолданылды.

Айта кету керек, Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары жаңа Реформаға сәйкес, тестілеу бағдарламасы өзгеру жоспарлануда. Бұл ретте, тестілеудің шекті мәні барлық заңдар бойынша жинақталған ұпай санының қосындысының белгілі бір пайызын құрайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары