$ 494.87  520.65  4.91

«Түнде әйелдердің, азанда атыстың дауысы шықты»: Шымкентте есті шығарған ескі моншаға қатысты шағым

Бұл ғимаратқа келуге соңғы кезде жастар да үйір. Бұрынғы моншаға жақын жерде тұратын тұрғындар олардың болашағы үшін алаңдаулы.

Шымкент қаласы Гагарин көшесінің тұрғындары үйлерінің қасында орналасқан қаңғыбастар мен қылмыскерлер мекеніне айналған атышулы монша жайлы айтып, Stan.kz тілшісіне сұхбат берген.

Айтуларынша, нысанның жұмыс істемей тұрғанына бірнеше жыл болған. Үш қабатты ғимарат бүгінде адам көргісіз күйде. Кезінде монша болғанын тек маңдайшасындағы жазудан қалған «н» әрпіне қарап аңғаруға болады.

Бүгінде нысанды қаңғыбастар мекен етеді. Ғимарат ішінде шашылып жатқан тұрмыстық қалдықтар, киімдерге қарап оны бірден аңғаруға болады. Моншаға жақын жерде тұратындар бұл жердің күндіз тыныш болатынын айтады. Күн қалай батады. Солай жан-жақтан түрлі адамдар ғимарат ішіне жиналып, ойларына келгенін істейді екен.

«Түнде мүлдем терезе ашпайтын болдық. Қорқамыз. Түнде жаман дыбыстар шығады. Әйелдердің неше түрлі дыбысы шығады. Одан кейін азанда өткенде атыстың дауысы шықты. Жаман енді. Қорқамыз», - дейді тура моншаның түбінде тұратын келіншек.

Бұл ғимаратқа келуге соңғы кезде жастар да үйір. Бұрынғы моншаға жақын жерде тұратын тұрғындар олардың болашағы үшін алаңдаулы.

«Жастар да, оқушылар да келеді. Қолында бутылкасы бары да, темекі шегетіні де осында. Бар бұзақылық ішінде болып жатыр. Қорқасың. Тіпті жанынан да өтуге жүрегіміз дауаламайды. Түніменен айқай-шу. Енді үйге анық естіледі», - деген келіншек тіпті соңғы уақытта өзінің ұл-қызын көшеге шығаруға қорқатынын айтады. Себебі, маскүнемдердің көңіл-күйі болмаса, көздеріне көрінген адамға бөтелке, тас лақтыра жөнеледі екен.

Бұрынғы моншаны мекен етіп жүргендер тұрғындардың тыныштығына қоса, дүние-мүліктерін де ұрлауға көшкен. Түнде есік алдында тұрған заттарының таңертең орнын сипап қалатын жағдайлар жиілеген.

«Біздің үйде екі рет ұрлық болды. Есіктің алдындағы ыдыстың бәрін алып кетіпті. Кастрюль, стремянка - бәрі жоқ қой есіктің алдына шығып қарасам», - деген тұрғын үлкен үреймен күн кешіп жатқандығын айтты.

Ашық деректерге сүйенсек, бұл ғимарат Халық банкіне тиесілі. Сатылымға 2018 жылдың мамыр айында шығарылған. Десе де, күні бүгінге дейін нысанды сатып алғысы келетін жан табылмапты. Ал монша жанындағы үйлерде тұратын тұрғындар қаңғыбастар мен қылмыскерлер жиналатын орынның иесі жақын арада табылмаса, өзіміз бір шара жасаймыз деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары