$ 449.3  489.69  4.89

Тұрғын үй кезегінде тұрғандар 1 желтоқсанға дейін құжаттарын жаңартуы шарт

Нұр-Сұлтанда құжаттарды екі жолмен жаңартуға болады: құжаттардың толық пакетін Р. Қошқарбаев даңғ., 39 (кіру М. Жұмабаев көшесінен) мекен-жайында орналасқан «Тұрғын үй қоры» КММ-не тапсыруға немесе ұйымның Zhilfond.kz ресми сайты арқылы тіркей аласыз.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» тұрғын үй кезегінде тұрған астаналықтардан 2019 жылдың 1 желтоқсанына дейін құжаттарын жаңартуды сұрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Заңанамаға сәйкес, тұрғын үй кезегінде тұрғандар құжаттарын жыл сайын жаңартуы тиіс. Нұр-Сұлтанда құжаттарды екі жолмен жаңартуға болады: құжаттардың толық пакетін Р. Қошқарбаев даңғ., 39 (кіру М. Жұмабаев көшесінен) мекен-жайында орналасқан «Тұрғын үй қоры» КММ-не тапсыруға немесе ұйымның Zhilfond.kz ресми сайты арқылы тіркей аласыз.

Жаңартуға қажетті құжаттар тізімі:

1) өтініш (КММ-де толтырылады);

2) өтініш берушінің және оның отбасы құрамының жеке куәліктері (көшірмелері);

3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын мекенжай анықтамасы (ХҚКО-нан отбасының барлық мүшелеріне алынады);

4) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, некені қию/бұзу/қайтыс болу/әкелікті анықтау куәлігі/ №4 форма (көшірмелері), өтініш берушінің некеде тұрмайтындығын растайтын анықтамасы (ХҚКО-нан алынады);

5) Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтамасы (№6 формасы) (ХҚКО-нан отбасының барлық мүшелеріне алынады);

6) өтініш берушіде және/немесе оның өтінішке енгізілген отбасы мүшелерінде жеке меншік құқығында тұрғын үйдегі үлесі болған кезде құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері (ХҚКО-нан №2 формасы, сатып алу-сату/ сыйға беру / жекешелендіру /айырбастау шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлігі көшірмелері);

7) өтініш берушінің белгіленген санаттарға қатынасын растайтын құжаттары: 

1. ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілгендер үшін – куәлік;

2. 1 және 2 топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға – мүгедектік туралы анықтама;

3. кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар үшін – ауруы туралы анықтама;

4. жасына қарай зейнеткерлер үшін – зейнетақы кітапшасы;

5. жетім-балаларға – ата-анасының қайтыс болу туралы куәлігі/қамқоршы тағайындау туралы қаулысы/сот шешімі;

6. оралмандар үшін – оралман куәлігі;

7. экологиялық төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар үшін – құзіретті органның анықтамасы/актісі;

8. көп балалы отбасылар үшін – көп балалы ана кітапшасы;

9. қызметтік міндеттерін атқару кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары үшін – құзіретті органның анықтамасы;

10. толық емес отбасылар үшін – некені бұзу/қайтыс болу/әкелікті анықтау куәлігі/ №4 форма (көшірмелері) және өтініш берушінің некеде тұрмайтындығын растайтын анықтамасы (ХҚКО-нан алынады);

11. мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, әскери қызметшілер үшін – жұмыс орнынан (қызметінен) анықтамасы және кадр бөлімімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;

12. аварийлық тұрғын үйі бар азаматтар үшін – құзіретті органның техникалық қорытындысы қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары