Қазіргі қазақтың кірпі құрлы қадірі, есек құрлы есесі жоқ сияқты. Желі қолданушы Ержан Тәліптің facebook парақшасындағы жазбасы еріксіз осындай ойға жетелейді екен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Шолпан Исмайлова деген фыбышының жазуынша, зообақтағы кірпіге айына 26 мың, ешекке 28 мың бөлінеді екен. Ал Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 27 мың теңге екенін ескерсек, күніміз кірпіден ілгері, ешектен кейін болып тұр ғой, иə?» – деп ортаға ой тастады Ержан Тәліп.
Оның пайымдауынша, «біреу бізге ешаксың десе, ол кемсіту емес, мəртебе деп қабылдайтын күн алыс емес сияқты». Себебі, Қазақстандағы сол есектің есебі түгел. Жем-шөп шығыны күнкөріс деңгейі төмен тұрғындардың ішіп-жемі мен киер киімінікінен артық. Құдды, Абай данышпанның «Есектің артын жусаң да мал тап» дегенін қазір тікелей қабылдаса да болғандай.
Ол жазбаға Ұлжан Серікбаева: «Осыдан кейін екен да, Божконың халықты тізерлеткісі келіп жүргені» деп пікір қалдырса, Мейірбек Қауымбаев есімді азамат: «Түрмедегі бір адамға орта есеппен айына 60-80 мың теңге жұмсалады екен. Ол тойға бармайды, киім алмайды, автобусқа мінбейді, бала-шағаны киіндірмейді. Ал көп жанұя 50 мың теңгемен 5 баланы бағып отыр», – деген мысал келтірген.
Әне, бұл қазақтың темір тордың арғы жағындағы есері де, есегі де қарапайым жұртшылықтан жақсы өмір сүреді.