$ 494.87  520.65  4.91

Баспана мәселесі: ақтөбелік көпбалалы анаға әкім басқа үйдің кілтін беріп жіберген (ВИДЕО)

Ауысып кеткен пәтер иесіне қайтарыла ма, әлде, осы қоныстанған үйі иелігінде қала ма, ол жағы әзірге белгісіз.

Ақтөбеде көпбалалы ана Гүлдариға Құлданова 20 күн бұрын үш бөлмелі үйге кіріп, қоныстой жасап үлгерген. Енді банк қызметкерлері үйді банкке қайтаруды талап етіп отыр. Айтуларынша, көпбалалы отбасыға басқа пәтердің кілті табысталған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Гүлдариға Құлданова көп балалы ана ретінде «Бақытты отбасы» бағдарламасымен үй алған. Сол кезде пәтер кілтін салтанатты түрде қала әкімі Мавр Абдуллиннің өзі табыстапты. Көп жылдар бойы күткен баспанасына қол жеткізген отбасы пәтерге кіріп, қоныс тойын тойлаған. Бірақ, қуаныштары ұзаққа созылмапты. Банк қызметкерлері үйді қайтару керек деп хабарласқан.

«Мен қай жаққа барамын қазір. Ноябрдің 30 дайын болады дейді. Енді менің данный момент баратын жерім жоқ. Далада қалып тұрмын», – дейді шарасыз әйел.

Ол жолдасы екеуі отбасында төрт баласымен қатар ата-енесін бағып отыр. Енесі бірінші топ мүгедегі екен. Ал әу баста түсінбей дал болған жас анаға әкімдіктегілер банктің шешімі осы депті.

«Бірінші акиматтан звондады. Үйдің кілтін ал деп. Кілтті алғанда, Ерлан Рамазановқа да, Айсұлу дейтін қыз болды, соған да айттым «мынау 161 пәтер ғой, үшінші микрорайон ғой» деп. «Апа, сізге значить осы үй беріліп тұр», – дейді. «Себебі, баста осыны брондағансыз. Осы үйді сосын 4 микрорайонға алмастырғансыз. Положено осы үй сізге», – деді», – дейді Гүлдариға Құлданова.

Анықталғандай, Гүлдариғаға іс жүзінде НұрАқтөбе 19 үйдің 161 пәтерінің кілтін берген. Бірақ, құжат жүзінде басқа, НұрАқтөбе 17 үйдің мекен-жайы көрсетілген. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегілер бұл жағдайдан хабардар.

«Қазір қай себепті сондай қателік кеткенін біз қарастырып жатырмыз. Қай құжатта қате кеткенін. Ондай мүмкіндік болса, үй ауыстыратындай сол вариантты да қарастырайық. Көрейік, қандай вариант болады. Сол жағында шешуге тырысамыз», – дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Ақтөбе филиалы директорының орынбасары Жанболат Салменов.

Енді ауысып кеткен пәтер иесіне қайтарыла ма, әлде, осы қоныстанған үйі иелігінде қала ма, ол жағы әзірге белгісіз. Бірақ, келіншек көшіп барған үйінің өзінде қалдырылуын қалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары