18.10.2019, 15:45

«Жай бірге тұрайық!»: қара нәсілдіге ғашық қыз сүйіктісіне тұрмысқа шығуға қорқады

фото: pixabay.com
Күн сайын «Маған көшіп кел» деп мазамды алады.

Афроамерикалық жігітпен жарты жылдан астам уақыт бойы кездесіп жүрген ол, онымен енді бас қоссам дейді. Алайда, өз тарапына айтылатын сыннан да қорқатынын жасырмайды. Бойжеткен сүйгеніне тұрмысқа шығуға жақындары қарсы болатынын да мәлім еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өзінің жан сырын ол zhenskaya_blogika парақшасында ақтарған.

«Сәлеметсіздер ме, мен де өзімнің ішкі сырымды ақтарғым келіп отыр. Жасым 27-де, жігітім бар, жасы 31-де. Жарты жылдан астам уақыт бойы кездесіп келеміз. Мені сүйетінін айтады, тіпті, бірге тұрып та көрдік. Жақында оны жұмыс бабымен Ақтауға ауыстырды, ал мен Алматыда қалып қойдым.

Ол мені Ақтауға көшіргісі келеді, осылай бәрі ойдағыдай көрінгенімен, бір үлкен әттең-ай бар... Оның ұлты басқа, нақтырақ айтсақ афроамерикалық азамат. Ал, мен қазақ қызымын, біздің ара-қатынасымыз жай емес, ол тіпті, маған үйлену айлы айта бастады», - дейді бойжеткен.

Арудың сөзінше ол қара нәсілді жігітке тұрмысқа шығуға қорқады екен және оған бәрі қарсы болатынын, менталитет сай келмейтінін айтқан.

«Ол осының бәріне қарамастан, бәрібір бірге боламыз дейді. Күн сайын «Маған көшіп кел» деп мазамды алады. Ата-анама өзі жайлы айтқанын қалайды. Егер заңды некені қаламасаң, онда жай бірге тұрайық дейді. Ал, мен сөзден, ұят, менталитеттен қорқамын. Ертең мені сынайындар табылады деп ойлаймын. Не істерімді білмеймін, бірақ оған деген сезімім бар, соған сенімдімін», - деп жазған ол.  

Тегтер: тұрмыс құру