$ 494.87  520.65  4.91

Газы жоқ Нұр-Сұлтанда көмірдің орташа құны – тоннасына 12 мың теңге

Елордада жыл сайын 500 мың тоннадан кем емес көмір тұтынылады десек, бүгінге шамамен 250 мың тонна көмір жеткізілді. Көмірдің қоры 18 мың 300 тоннадан асады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов көмір сатылатын орынға барып, бағасын бақылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаланың әртүрлі бөліктерінде 11 орында көмір сататын 8 компания бар, көмірдің барлық түрлеріне бағалар бекітілген. Орташа құны – жеткізуді қоспағанда, 12 мың теңгені құрайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көмір бағасын көтермеуге және делдалдардың көмір компанияларымен келісіп, сыбайласып кетуіне жол бермеуге тапсырма берді.

«Бек-Аида» ЖК сату менеджері Дулат Құсайынов атап өткендей, көмір сату орындарында жетіспеушіліктер болмады.

«Көмір сату компаниялары мен әкімдіктің көмірді алдын-ала сатып алу туралы уақытылы жүргізілген ақпараттық жұмысының арқасында ешқандай дүрлігу мен кезектер болмады. Тұрғындар көмірді жазда сатып ала бастады, қазір де келіп жатыр, көбісі алғашқы қарға дейін сатып алған. Бағалар бекітілген», - деді Д. Құсайынов.

Елордада жыл сайын 500 мың тоннадан кем емес көмір тұтынылады десек, бүгінге шамамен 250 мың тонна көмір жеткізілді. Көмірдің қоры 18 мың 300 тоннадан асады. Елорда әкімі Алтай Көлгінов оның бағасы мен сапасын бақылауда ұстап отыруды әрі қарай жалғастыра беру керектігін айтты.

«iKomek109» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы жанынан қауырт желі құрылды. Онда әр тұрғын сату орнындағы көмірдің бар-жоғы, қанша қоры барын, бағасы мен түрлері туралы біле алады. Сондай-ақ, қаладағы көмірге қатысты ақпарат қалалық және аудандық әкімдіктердің ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде жарияланып отырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары