$ 494.87  520.65  4.91

«Әй, дарақылық-ай!»: журналист тойханаға жылқы кіргізгендерге наразы (ВИДЕО)

Ал видеодан тойхана ішінде жүрген төрт түліктің бірі қайта-қайта құлап жатқанын аңғаруға болады. Журналистің өзі жылқының 100 рет жүлде алғанын пікірге жазып қалдырған.
фото: gotonight.ru
фото: gotonight.ru

Тележурналист Жарас Ниязбек тойханаға жылқы кіргізген жұртты сынның астына алды. Ол кей қазақтың "дарақылығына" ренжулі деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тілші видеоны өз Instagram парақшасына жүктеген.

«Әй, дарақылық-ай! Қайтер екен? Жылқыға обал ғой. Не енді мынау?» - деп жазды ол.
Ал видеодан тойхана ішінде жүрген төрт түліктің бірі қайта-қайта құлап жатқанын аңғаруға болады. Журналистің өзі жылқының 100 рет жүлде алғанын пікірге жазып қалдырған.

Бейнежазбаны көрген көпшілік тек теріс пікірлер қалдырған. «Аяғы сырғанап жатыр ғой», «Байғұс жылқы-ай», «Жылқыны солай қинаған обал», «Әйтеуір, біздің қазақ мақтанудан, ысырапшылдықтан жалықпас», «Қайтеміз енді, обал-ақ» деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жылқы #тілші