$ 494.87  520.65  4.91

«Қууға мәжбүр»: атқамінерлердің «ертең» деген уәдесінен шаршаған ана ашуға булықты

Бұқара жағдайды қала басшысына да жеткіздік дейді. Алайда, оны елей қойған ешкім болмапты. Ашулы топ тағы да қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде шу шығарды.
фото: Skifnews.kz
фото: Skifnews.kz

Атаулы әлеуметтік көмектің әурешілігі! Оралдағы көп балалы аналар өзіне тиесілі ақшасын уақытылы ала алмай жүр. Наразы топтың айтуынша, жауапты мекеме өкілдері олармен есеп айырысуды күнде ертеңге шегеріп шаршатқан, деп хабарлайды КТК.

Айжан Сапарова, көпбалалы ана: 

«Басында 26-сында түсті, одан кейін 29-ында түсті, одан кейін 30, енді 4-іне ауысты. Енді 10-ны дейді. Бүгін ақшамыздың түспегеніне байланысты тағы келіп тұрмыз. Енді олар тағы күн ауысады, 28-і дейді». 

Жұрт ақшаның соңынан қууға мәжбүр. Әзірге қаражаттың қолға тиер түрі жоқ. Әкімдіктің күнде «ертең» деген желеуі көптің зығырданын қайнатқан. Бұқара жағдайды қала басшысына да жеткіздік дейді. Алайда, оны елей қойған ешкім болмапты. Ашулы топ тағы да қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде шу шығарды. Тек содан кейін ғана жауаптылар жағдайды түсіндіре бастады. Атқамінерлердің айтуынша, шаһарда атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны көбеюінен теңге үлестіруде сәл кідіріс болған. Бұл олқылық алдағы уақытта «шешіледі» деп сендіреді.  

Наурызбай Дәуешов, Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары: 

«1 қараша, 1 қыркүйекке 3 мың АӘК алатын отбасы болса, 1 қарашадан 4041 отбасы АӘК алады. Соған байланысты кішкене кешігу болып жатыр. Бір аптада барлық қаражат төленетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары