$ 498.34  519.72  4.85

25 жастағы «қарт әйел» неліктен күлкіге қалды?

Ой, бұл мұның бәрінен не түсінеді дейсіңдер?
фото: newsroom.kz
фото: newsroom.kz

Оқиға бұдан бірнеше ай бұрын болған. Қаламызда косметикалық дүкендер желісі ашылды. Алғашқы күндері дүкенде аншлаг болып, бәріміз таңғалдық. Көп ұзамай, жергілікті халықтың жаңа дүкенге қызығушылығы төмендеді. Бұл - заңды. Десе де, енді ғана мектептің жоғары сыныбына өткен жас қыздар ештеңе алмаса да күніне бірнеше рет дүкенге бас сұғып әуреленді.

Осындай әдеттегі күндердің бірінде жас қыздар әдемі құтылар мен бөтелкелер орналастырылған қатардан кете алмай, әлдебір нәрсені талқылауға кірісті. Бәрінің айтатыны «хайлайтер», «консилер», «праймер» сынды бейтаныс сөздер. Ал дәл осы қатардың екінші жақ бетіндегі келуші сол сәтте өзіне жарасатын далап таңдай алмай тұрған. Анығы, далапты таңдап алғанымен, өзіне лайық түсті анықтай алмай, ойланып тұрған.

Оның бұл қылығын байқаған оқушы қыздар қатты күлді. Неше түрлі кекесін сөздер айтып, өздерінше әжуалауға тырысты. «Мынаның таңдаған өнімінің компаниясын қараңдаршы! Таңдаған түсі өзіне түк те жараспайды» деген сөздер анық-анық естілді. 

Осындай сынды сөздердің бәрінің түйіні «Ой, бұл мұның бәрінен не түсінеді дейсіңдер? Қараңдаршы, алдыңғы топтамадан таңдапты. Мұндай далапты қолдану үшін бұл әйел өте кәрі ғой», - деген сөздер болатын.

«Кәрі әйел» екеуміз бір-бірімізге қарап, жымиып, кассаға бардық. Бірақ, «қарт әйел» шамамен 25 жаста ғана еді.

Дереккөз: newsroom.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары