$ 494.87  520.65  4.91

63 жастағы кондуктор әйел 30 жастағы жолаушыға жұдырық жұмсады

ҚР Қылмыстық кодексі 107-бабының «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» атты 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өскеменде автобустың кондукторы жолаушыны ұрған, деп хабарлайды Today.kz, ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«14 қарашада сағат 14:24-те 30 жастағы қала тұрғыны полицияға хабарласып, 13 қарашада сағат 19:00 шамасында автобус кондукторы, шамамен 45-50 жас аралығындағы азиаттық сипаттағы әйел оны артқы жағынан жұдырығымен ұрып, осылайша оған дене жарақатын тигізгенін айтқан», - деді ПД баспасөз қызметі.

63 жастағы автобус кондукторы полиция бөліміне жеткізілді. ҚР Қылмыстық кодексі 107-бабының «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» атты 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары