Әлеумет 21.11.2019 сағат 11:15

«Ірітіп-шірітіп өлтіре гөр!»: Ахметбек Нұрсила адамдарға теріс бата берді

Асықпаңыз, әлі бата біткен жоқ. Енді қазақта теріс бата деген бар.
«Ірітіп-шірітіп өлтіре гөр!»: Ахметбек Нұрсила адамдарға теріс бата берді
фото: ernur.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгінде пайдасыз тәтті сулардың қатарын «Кока-кола», «Фанта», «Пепси» сынды газдалған түрлері толықтырып тұрған көрінеді. Мұны белгілі бизнес-тренер Ахметбек Нұрсила әлеуметтік желі арқылы халыққа жеткізуге барынша тырысып жүр. Бір қызығы, ол кезекті бір видеосында адамдарға теріс бата берді. Ахметбек мырза адамдарға газдалған және энергетикалық сусындардың зияндылығын осылайша түсіндіргісі келеді. Ол былай дейді:

 «Ауру – астан, дау – қарындастан» дейді дана қазақ. Шындығында да біз қазір жарнамаға еріп, оның санамызды улағаны соншалық, өзімізді улайтын, бізге қатерлі ісік, жүрек талмасы, инсульт сияқты  адамды азаппен өлтіретін ауруларды әкелетін сусындарды маңдай тер, табан ақымен тапқан ақшамызға сатып аламыз. Соның бірі – газдалған сусындар мен энергетикалық сусындар. Оларды тіл үйіретін дәмді қылып, бізді ішкен сайын ішкіздіре беретін нәрсе – никотин қышқылы, эфедрин сияқты химиялық қоспалар және аспартам деген синтетикалық қант. Оның кішкентай түйіршігі тонналаған суды тәтті қылып жібереді.

Сондықтан да бұл сулардың өзіндік құны өте төмен. Ал жарнамаға миллиардтап ақша салады. Олар сіздің денсаулығыңызды құртып, сізге бауыр ауруы, жүрек талмасы сияқты ауруларды әкелу арқылы ақша тауып жатыр.

Біз батаға, сөздің құдіретіне сенетін халықпыз. Сондықтан алақандарыңызды жайыңыздар, мен сіздерге бата беріп жіберейін.

Е, Алла-тағала, кімде-кім осы ақпараттарды алып, осы сусындардың адам өміріне қауіп төндіретін, қасірет әкелетін зиянды сусындар екенін түсініп, бүгіннен бастап ерікті түрде соның бір тамшысын да аузына алмайтын болса, ол адамның өмірін ұзақ, денін сау қылып, өмірдің қызығын көруге жаза гөр! Әумин!

Асықпаңыз, әлі бата біткен жоқ. Енді қазақта теріс бата деген бар. Е, Алла-тағала, кімде-кім осы зиянды сусындардың адамзатқа қасірет, өлім, түрлі жаман ауруларды әкелетінін біле тұрып, соны саналы түрде ішетін болса, ол адамдарды азапқа шалдықтырып, ауыртып, ірітіп-шірітіп өлтіре гөр! Әумин!».

Сөз арасында ол газды сусындарды ұдайы қолданудың арты неге апарып соғатынын төсек тартып жатқан адамдардың видеолары арқылы көрсетеді.

«Енді әлгіндей сусындарды көрген кезде осы теріс бата бірден сіздің санаңызға келеді. Мен оған кепілдік беремін. Енді сізде құмарлық тумайды, әлгі сусындарға деген жиіркеніш сезімі пайда болады. Енді ол сусындарды біреу ақшаға тұрмақ, тегін әкелсе де ішпейтін боласыз. Біздің дүкендерде бұл сусындарға тыйым салынбауы керек. Адамдар саналы, ерікті түрде бас тартуы керек.

Барлық қазақтың бай да бақуатты болғанын тілейміз. Алпауыт компаниялар түкке тұрмайтын, ауру шақыратын сусындар арқылы біздің еңбекпен тапқан ақшамызды тонап жатыр. Ол сіз бен бізге керек пе? Әрине, керек емес.

Мен сізге айтып жатырмын, бүкіл таныстарыңызға таратыңыз. Сол кезде бүкіл Қазақстанда бұл сусындар сатылмайтын болады. Ал сатылмаса, оны өндірмейді», – дейді ол.

М. БИБОЛ.

Дереккөз: Zamana.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар