$ 447.4  477.55  4.76

«Ужас қой мынау!»: кәмпиттердің ішінде құрттар өріп жүр (ВИДЕО)

Шоколадты тәттілердің арасында әрі-бері қозғалып, өріп жүрген ақ құрттарды көрсетті.

"Ауру - астан" дейтін халықтың назары әлеуметтік желілердегі азық-түліктердің ішінен шыққан түсініксіз ақ түйіршіктер мен құрттар жайлы түсірілген видеоларға ауды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәселен, "Рахат" кәмпиті мен "Ассам" шайының ішінен шыққан беймәлім ақ түйіршік пен тірі құрттар көпшіліктің жағасын ұстатты.

"Мына "Ассам" шайы Алматыдан шыққан. Қызық үшін ішінде не бар екен деп ашып қарап едім. Міне, көріңіздер, қараңыздар! Ішінен мынадай ақ түйіршіктер шықты. Құдай білсін қандай зат екенін, химия ма ол? Осындай бірдеңелерді ішіп жатырмыз әйтеуір, сақ болайық! Пакеттегі шайды қою керек боп тұр", - деді видео авторы. 

Ал келесі бір видео-жазбаның иесі болса, "Мика, Роза, Гүлшат, Әсел, қараңыздар, мынадай кәмпиттерді жемеңіздер! Біз жаңа ғана сатып алғанбыз. Қараңыздар, ішінен не шыққанын! Міне, "Рахат" кәмпиттері", - деп үстел үстінде шашылып, жайлып тұрған шоколадты тәттілердің арасында әрі-бері қозғалып, өріп жүрген ақ құрттарды көрсетті. 

Сондай-ақ, видео-жазба авторы сөзін түйіндей келе, "Ужас, масқара ғой мынау! Мен, тіптен, 20 шақтысын жеп қойған шығармын!" - деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары