$ 446.49  475.38  4.79

Шымкентте тегін кітап алмасу алаңдары ашылды

Кітап алмасып оқу алаңдарына қала тұрғындары өздері оқыған кітаптарын апарып, оның орына басқа кітаптарды ала алады. Жобаның мақсаты – кітап оқуға баулу және кітап алмастыру мәдениетінің деңгейін көтеру.

Шымкент қаласында буккроссинг, кітаптар алмасу орындары ашылды. Қаладағы буккроссингтер М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Silkway Халықаралық университеті, Қазпошта орталығы, «Береке» сауда орталығы және Жастар ресурстық орталығында орналасқан, деп хабарлайды Sn.kz.

Кітап алмасып оқу алаңдарына қала тұрғындары өздері оқыған кітаптарын апарып, оның орына басқа кітаптарды ала алады. Жобаның мақсаты – кітап оқуға баулу және кітап алмастыру мәдениетінің деңгейін көтеру. 

Жобаны «Social Development Center» қоғамдық фонды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#кітап