$ 494.87  520.65  4.91

АӘК қаржысы қайда жұмсалуда?

Сондай көмекке қол жеткізгендердің бірі — көпбалалы ана Перизат Ниязалиева. Ол 300 мың теңгеден астам жәрдемақы алған. Мемлекеттен алған қаражатқа тігін машиналарын, оған қажетті бұйымдарын сатып алыпты.
фото: baq.kz
фото: baq.kz

Барлық талаптарға сай келгендер АӘК-тің шартты не шартсыз түрін алып мемлекеттің қаржысын қажетіне жұмсап жатыр, деп хабарлайды Sn.kz.

Бұл, әсіресе, шартсыз атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қатысты айтылған сөз. Себебі, олар мемлекеттен алған қаржысына есеп бермейді. Қайда жұмсаса да өз еркі. Себебі, шартсыз ақшалай көмекті еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасы (мәселен, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасы (7 жасқа дейінгі бала күтімімен отырған және жалғызбасты ана) алады. Мұндай отбасыдан жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

Дегенмен, Жанат Өтебаева отбасының ең болмаса бір мүшесі еңбекке қабілетті болса, оны жұмыспен қамту шараларына тартып жатқандарын айтады. Себебі, АӘК масылдыққа әкеп соқпауы керек.

Ал көмектің шартты түрін алғандар арасында жеке ісін бастағандары да бар. Бірі малшаруашылығымен айналысып жатса, енді бірі тігін цехын ашқан. Жәрдемақы алған тұрғындардың ішінде кондитерлік цех ашып, түрлі тәттілерін саудаға шығарып отырғандар да бар. Себебі, оларға қойылған талап осы. Шартты ақшалай көмекті алу үшін — 7 жасқа дейінгі баласы бар толық отбасының кем дегенде бір мүшесі міндетті түрде жұмыспен қамтылуы керек.

Баласы 7 жастан асқан толық отбасының екі мүшесі де (ата-анасы) жұмыс істеуі шарт. Бұл қағида толық емес отбасына да қатысты. Жалғызілікті ананың баласы 7 жастан асқан жағдайда оған еңбек ету міндеттеледі. Баласы 7 жасқа толмай жұмыс істейтін ата-аналарға да шартты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Бұл өкіметтің оларға көрсетіп отырған көмегі болып табылады.

Сондай көмекке қол жеткізгендердің бірі — көпбалалы ана Перизат Ниязалиева. Ол 300 мың теңгеден астам жәрдемақы алған. Мемлекеттен алған қаражатқа тігін машиналарын, оған қажетті бұйымдарын сатып алыпты. Ұлттық нақыштағы көрпе, жастықтарды тапсырыспен тігіп жатыр. Көп балалы ана instagram, whatsapp желілерінен арнайы аккаунт ашып, саудасын жүргізуде.

Әйгерім Даутова да кәсібін дөңгелетіп отыр. Айтуынша, ғимаратты жалға алып, кондитерлік өнімдерді сатады. Түрлі тәттілер мен тез дайындалатын өнімдерге сұраныс көп екен. Бұған дейін екі қолға бір күрек таппай келген келіншек қазір тіпті сенбі, жексенбі күндері де жұмыс істейді. Жәрдемақыға алған қаражатына тоңазытқыш пен пеш сатып алып, көптен бері көкейінде жүрген шағын кәсібін бастап жіберді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары