$ 494.87  520.65  4.91

Электронды бақылау

Есептегіш құралдары автоматтандырылған жүйеге қосылып, дистанционды-қашықтықтан бақыланады. Сол үшін «Вавиот», «Орион», «Энергия» и «Пульсар» маркаларының модемі орнатылды.

Ақпараттық технология мүмкіндігін пайдалануда шымкенттік су арнасына тең келер мекеме жоқ. Мұндағы әрбір жұмыс цифрландырылған жүйемен жұмыс істейді, деп хабарлайды Sn.kz.

Мәселен, суды өндіру және тасымалдау процесі толығымен автоматтандырылған, бақылау технологиялық процесті басқару жүйесі арқылы жүргізіледі. Оны су арнасының орталық диспетчерлік пункті басқарады. Диспетчерлер тәулік бойы Шымкент су құбыры жүйесінің негізгі тораптарындағы су қысымының деңгейін бақылайды – деректер басты мониторда көрсетіледі. Осы технологияның арқасында тұрақты сумен жабдықтау қамтамасыз етіліп, апаттық жағдай төмендеген.

Сондай-ақ, тұтынушылардан түскен өтінімдердің уақытылы орындалуына тұрақты бақылау жүргізіледі. «Пилот» бағдарламасы GPS жүйесі арқылы апаттық бригадалардың қозғалысын және жұмыс орындау уақытын қадағалайды. Навигаторларды орнатқаннан кейін автокөліктің жүрісі қысқартылды.

Арнайы қосымшалар арқылы санитарлық-қорғау аймағының бұзылуына бақылау жасалады.

– Жаңа технология судың көрсеткішін электронды алуға да мүмкіндік беріп отыр. Демек, суды есептейтін орамдық, жалпы жеке және жалпы үйлік құралдардың көрсеткіштерін білу үшін нысана орнына барудың қажеті жоқ. Себебі, есептегіш құралдары автоматтандырылған жүйеге қосылып, дистанционды-қашықтықтан бақыланады. Сол үшін «Вавиот», «Орион», «Энергия» и «Пульсар» маркаларының модемі орнатылды.

Осылайша, 2018 жылы автоматтық режимдегі — 3317, 2019 жылы 4590 дана жалпы үйлік су есептегіш құралы орнатылған. Бұл қаладағы жалпы үйлік су есептегіш құралдарының 98,7 пайызы автоматтық режимде жұмыс істейді деген сөз.

Нәтижесінде, су өлшегіштердің жұмысына әсер етуге тырысатын кейбір тұтынушылар тарапынан ұрлау және теріс пайдалану фактілері төмендеді. Жеткізушіден тұтынушыға дейінгі әрбір кезеңде есептеу құралдарынан көрсеткіштерді алыстан алу жолымен шығындар мен айырмашықтар бақыланады. Нақты уақыт режимінде судың есебі көрсетіледі. Барлық пайдаланушылар өз деректерін клиенттік кабинетте WEB сервис арқылы көре алады,- дейді бақылау кеңесінің төрағасы Анарбек Орман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары