Тәжікстанда ер адам 19 жастағы қызын зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz.
Худжант тұрғынына туған қызын зорлады деп айып тағылды. 19 жастағы бойжеткен полицияға шағым түсірген соң, тергеу жұмыстары басталған. "Гулрухсор" әйелдер орталығы сот медициналық сараптама зорлау фактісі расталғанын мәлімдеді.
Бойжеткен өз-өзіне қол жұмсамақ болып, Сырдария көпірінен секіріп кеткен. Өтіп бара жатқан адамдар оны құтқарып, құқық қорғау органдарына апарған. Сол кездегі сараптама нәтижесі оның зорлағанын анықтаған.
Айтуынша, қыркүйек айында әкесі зорлаған. Болған жағдайды тіс жарып біреуге айтатын болсаң, өзіңді түрмеде шірітем деп қорқытқан. Туыстарына барлығын ашып айтса да, ешкім сенбейді. Тіпті олай болған күннің өзінде әкеңді түрмеге жібере алмаймыз деп айтқан.
Бойжеткен кедей отбасында өскен. 9-сыныптан соң мектепке бармаған. Сол кезден бастап әкесі тисе бастағанын айтқан психологтарға. Оның әпкесі де әкесі зорлағанын айтып, тергеушілерге шағымданған.
Қазіргі таңда жәбірлеуші "Гулрухсор" орталығында тұрып жатыр. Орталық қызметкері тәжік қоғамы зорлық көрген әйел адамды қолдамайды, оның өзін жазықты етеді дейді. Биыл орталыққа 1400 адам көмек сұрап келген. Олардың екеуі зорланған.