"Бес ғасыр жырлайдыдан" асып түскен дәретхана жыры әлі де өзекті болып отыр. Тіпті, шенді-шекпенділер мен қоғам белсенділерінің өзі қоғамда резонанс туғызған дәретхана жырын өзекті тақырып ретінде көтеріп келеді. Мәселен, таяуда ғана Тараздағы мектептердің бірінде әжетханада оқушыны зорлау кеткендігі туралы жағымсыз оқиғадан кейін, бұл тақырыптың аясы өрши түсті.
Тіпті, мектептің сыртында орналасқан дәретханалардың барлығын оқу объектілерінің ішіне көшіру туралы да заң шыққан болатын.
Осы тұрғыда елдегі жалпы халықтың қоғамдық ортада қолжетімді, ыңғайлы, сапалы әжетханаға жетуі үшін шыбын жаны шырылдап жүрген кәсіпкердің бірі - Марғұлан Сейсембай. Қоғамдық дүмпу туғызған мәселер азаматтық пікірін білдіруден қалыс қалмайтын ол, сол дәретханаларға кететін шығынды, қаржылық шығынын есептеп көрді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. Дәретхана шығындары мен оның тазалығы мен күтім жұмыстарын жұмсалатын қаржыны есептеген кәсіпкер, есебінің есебін, facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында бөлісті.
"Жол бойындағы жаңа дәретханалар елдің аузында жүрген ең маңызды жаңалыққа айналды! Бұл осы тақырыптың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. «Қазжолдың» жол бойына 304 дәретхана салғызуға инвестор тапқаны қуантарлық қадам! Енді мынадай сұрақ туындайды, бұдан біз не ұтамыз? Мұндай дәретханаларды күтіп ұстау үшін ай сайын 700 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін (1775 доллардан 3550 долларға дейін) қаржы керек деп жазады. Орташа есеппен алсақ, бір дәретханаға 2 662$ кетеді екен. Ал мұны 304-ке көбейтсеңіз, жылына 9 710 976$ шығады.
Бұл аз ба, көп пе?
Өзіндік құнын есептеп көрейік:
1. Егер бір дәретханаға 23 млн. теңге көлемінде (58 000$) инвестиция алса (меніңше, 3-4 млн. теңгеге көп), онда мұндай нысандар 5 жыл ішінде немесе 20%-ы толығымен амортизациялануы тиіс. Яғни бір жылдық амортизация құны 58 000$ * 20%= 11 600$ болады.
2. Күзетші-тазалаушының айлық жалақысы 500$ яки жылына 6000$ болады.
3. Керек-жарақтарға (химиялық заттар, сабын, майлық, шүберектер) айына 200$ немесе жылына 2400$ кетеді.
4. Су жеткізу, электр энергиясы, техникалық қызмет және басқа да нәрселерге ай сайын 300$ немесе жылына 3600$ кетеді.
5. Қосалқы бөлшектер мен дәретхананы жөндеуге (бізде әбден вандализм жайлаған) ай сайын 200$ немесе жылына 2400$ кетеді.
Сонда бір дәретханаға жылына 26 000$ немесе 304 дәретханаға 7 904 000$ кетеді екен.
Дереккөз: Хабар 24
«Қазавтожолдың» 304 дәретхананы күтіп ұстауға жұмсайтын 9 710 976 долларынан өзіндік құны 7 904 000 долларды алып тастасақ, 1 806 000$ немесе салынған 17 632 000 доллардың 10,24%-ы пайда ретінде қалады.
Менің қорытындым:
Дәретхана құны. Біраз қымбаттау. Дегенмен бәрі комплектациясына байланысты. Күтіп ұстауға бөлінетін қаржы ақылға сыйымды.
Мен бұл мәселені егжей-тегжейлі зерттедім, Еуропаға барып қайттым. Дәретхана зауыттарын араладым. Өз ақшама серб дәретханасының жобасын сатып әкелдім, сосын пилоттық бір дәретхана салдық, бүкіл шығындарын есептедік. Кейбіреулер арзандау етіп жасай алатынын білемін, бірақ ол түкке татымайтын сапасыз дәретхана боп шыға ма деп қорқамын. Салушылар адалдық танытып, дәретханалар сапалы шығады деп үміттенемін", - деп жазды ол.
Айтпақшы, дәретхана шығынын есептеуге ерінбеген Марғұлан Сейсембай жазбасының соңында "Тендер ұтып алған компанияға да, «Қазавтожолға» да түк қатысы жоқ әрі пікірін айту арқылы қаржылық пайда көруді көздемейтінін жеткізді.