$ 494.87  520.65  4.91

Петропавлда 34 жасар әйел 12-сәбиін дүниеге әкелді

СҚО Петропавл қаласында Павел мен Татьяна Култышевтердің отбасында 12-ші сәби дүниеге келді деп жазады Today.kz.

Перинаталдық орталық дәрігерлерінің айтуынша, сәбидің салмағы - 3 кг 803 грамм, бойы – 54 сантиметр. Ешқандай медициналық көмекті қажет етпей, анасымен бірге үйіне шығарылыпты. 

Отағасы Павел әйелі мен сәбиін алып кету үшін перзентханаға балаларын арнайы микроавтобуспен алып келді. Ол баласының есімін Данил деп атауды жөн көріпті. Айтунша, үйдегі балалардың алды 14 жаста екен. Жалпы, отбасында қазір барлығы 8 ұл және 4 қыз бала тәрбиеленуде. Әйелі Татьяна тұңғышын 20 жасында дүниеге әкеліпті. 

Жасыратыны жоқ, орыс отбасыларда көп балалы болу сирек кездесетін жайт. Ал, Култышевтердің жанұясы денсаулық мүмкіндік берсе өмірге ұрпақ әкелу парыз деп есептейді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары