$ 439.43  473.31  4.82

Ең төменгі зейнетақы – 38636 теңге

Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады.
фото: ktk.kz
фото: ktk.kz

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Әнуар Ілеспаев ең төменгі зейнетақы – 38636 теңге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz.

Әнуар Ілеспаевтың сөзінше, Қазақстан Республикасының «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасына сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

— Айлық есептік көрсеткіш – 2 651 теңгені;
— Ең төменгі зейнетақы – 38 636 теңгені;
— Ең төменгі төменгі базалық зейнетақы төлемі – 16 839 теңгені;
— Күнкөріс деңгейі мөлшері – 31 183 теңгені;
— Ең төменгі жалақының мөлшері – 42500 теңгені құрайды.

Соған сәйкес, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады.

– 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлердің зейнетақы төлемі мен еңбек сіңірген жылдары үшін алып жүрген зейнетақылардың негізгі мөлшері 7 пайызға көбеймек. Ал зейнетақы төлеміне қосымша төленетін базалық зейнетақы мөлшері әр бір азаматтың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысқан кезеңіне сәйкес, ең кемі 16 839 теңгеге, ең көбі — 31 183 теңгеге дейін артады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерін есептеу үшін, ең жоғарғы орташа айлық табыстың мөлшері 46 айлық есептік көрсеткішпен шектелініп анықталады, яғни 121 946 теңгеден анықталады ( АЕК 2651 х 46 =121 946), - дейді Әнуар Ілеспаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#зейнетақы