2020 жылдан бастап, Еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайына және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан жүргізілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 5% арттырылады, деп хабарлайды Sn.kz.
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төленетін төлемдері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 пайызға артады.
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Әнуар Ілеспаевтың мәліметінше:
— Жерлеуге берілетін жәрдемақы көлемі — 41621 теңгені құрайды. — ҰОС ардагерін және мүгедектерін жерлеу үшін мемлекет есебінен — 97027 теңге беріледі. — ҰОС қатысушылары мен мүгедектері — 42416 теңге — ҰОС-да қаза болғандардың жесірлері — 11877 теңге — Соғыстан кейін қаза болған ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдері (күйеулері) — 6787 теңге — Кеңес Одағының Батырлары мен үшінші дәрежелі Даңқ орденінің кавалерлері — 25450 теңге — Социалистік Еңбек Ері, үшінші дәрежелі Еңбек даңқы орденінің кавалерлері — 197898 теңге көлемінде ай сайын жәрдемақы алады. — Тыл еңбеккерлерінің жәрдемақысы — 5647 теңгеге көбейеді.