Әлеуметтік желілерде зейнетақыға байланысты таралған жалған ақпараттарға нүкте қойылды, деп хабарлайды Sn.kz.
Бүгін зейнетақыға байланысты Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы А. Нүрсейітов баспасөз жиынын өткізді. Аталған басқама басшысы әлеуметтік желілерде Қазақстанда ерлер мен әйелдер үшін зейнетке шығу жасын төмендету туралы таралып жатқан ақпараттың жалған екендігін жеткізіп, зейнетке шығу жас мөлшерін баяндап берді.
«Зейнетақы заңдарына сәйкес, бүгінде ер-азамат зейнет жасына байланысты 63 жасында, ал әйелдерге 2015 жылдағы енгізілген өзгерістерге байланысты, 2018 жылдан бастап әр жыл сайын 6 ай қосылады. Биыл зейнетке шығып жатқан әйелдер 59 жасқа толып отыр. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 59 жас 6 ай толып барып шығады. Талап осындай», - деді А. Нүрсейітов.
Сондай-ақ, жиын барысында басқарма басшысы А. Нүрсейітов 2019 жылы 59 жасқа толып жатқан 1960 әйел жылдың соңына дейін зейнет жасына байланысты өтініштерді тапсыру керектігін жеткізді.
Сонымен қатар, бес және одан да көп балалары бар аналардың 53 жасында зейнетке шығу құқығы толық сақталғандығы айтылды.
Еске сала кетейік, 2028 жылдан бастап ерлер мен әйелдер 63 жасында зейнетке шығатын болады.