Өскемен қаласында аутистік спектрінде ауытқушылығы бар балақайларға арналған Қазақстандағы тұңғыш балабақша пайдалануға берілді. Мемлекеттік-жеке меншік əріптестік шеңберінде ашылған "Страна чудес" мекемесінде 85 балғын тəрбиеленетін болады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
"Облыс орталығында аутистік спектрінде ауытқушылығы бар 85 бала бар. Біз бүгін осы ерекше балғындардың қажеттілігін толығымен қанағаттандырып отырмыз. Бұл жерде балақайларға қоғамда өмір сүрудің əлеуметтік, коммуникативті жəне күнделікті дағдылары қалыптастырылып, инклюзивті білім алуға дайындалады. Ұжымның жұмысына табыс тілеймін. Өйткені осындай балалармен жұмыс істеудің қиындығын жақсы түсінеміз, - деді балабақшаның ашылу салтанатында Өскемен қаласының əкімі Жақсылық Омар.
Мамандандырылған балабақшаның мамандармен, əдістемелік құралдармен жабдықталуы жоғары деңгейде.
Польшадан арнайы шақыртылған үш маман біздің мамандарды оқытатын болады.