$ 494.87  520.65  4.91

«Зоопарктен қашып кеткендер осылар-ау»: қыз ұрламақ болған 3 жігіттің әрекеті ВИДЕОға түсіп қалды

Куәгерлер жігіттерге кедергі келтіруге тырысқан.

Түркістанда 3 жігіт мәжбүрлі түрде қызды алып қашты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Куәгерлер "қыз алып қашқан" жігіттердің әрекетін видеоға түсіріп алған. Ол кадр @v.shymkente Instagram-парақшасына жүктелген. 

"Кеше зоопарктен қашып кеткендер осылар ғой дим!!!", - деп жазылған видеоның астына.

Видеода жігіттердің қарсылық танытқан қызды күштеп ұрлап бара жатқаны анық көрінеді. Куәгерлер оларға кедергі келтіруге тырысқан. Бірақ, жігіттердің бірі араша түскен ер адамды итеріп құлатқан. 

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, Түркістан облысының Полиция департаменті роликтегі оқиғаны растап, оның 23 желтоқсанда Арыс қаласында болғанын мәлімдеген. Жігіт бойжеткенді үйлену мақсатында алып қашқан.

«Бүгін арыстық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын, зардап шегушінің анасы келді. Оның арызы Қылмыстық Кодекстің 125-бабы «Адам ұрлығы» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді ПД баспасөз қызметі.

Бойжеткен алып қашқан жігітке қалмайтынын айтып, үйіне аман-есен оралған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары