31.12.2019, 15:40

Елордада жаңажылдық отшашуды қайдан көруге болады?

Салют өткізуге бюджеттен қаражат бөлінбеген және ол толығымен демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні қала тұрғындары мен қонақтары жаңажылдық отшашуды тамашалай алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Отшашуды Есіл өзенінің жағалауынан, Ботаникалық бақ аумағынан, сондай-ақ Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысынан көруге болады. Салют жергілікті уақыт бойынша 00:00-де басталып, 6 минутқа созылады.

Фейерверк биіктігі – 210 метр, ені – 250 метр. Әр нүктеден 3500-нан 4000-ға дейін салют ату жоспарланған.

Салют өткізуге бюджеттен қаражат бөлінбеген және ол толығымен демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.