$ 486.44  534.31  5.06

Сақшы қазасынан кейін: қостанайлық полиция отбасылық жанжалдарға бронды кеудешемен баратын болды

Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Құрмет Мәжікеновтің айтуынша, ол жерде тапанша қолданудың реті болмапты. Өйткені, тәртіп сақшылары бұзақының қолында пышақтың бар-жоғын білмеген.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Бұдан былай қостанайлық тәртіп сақшылары отбасылық жанжалдарға байланысты түскен шақыртуларға бронды кеудешемен шығатын болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасына сілтеме жасап.

Өткен демалыс күндері Тобыл қаласындағы қайғылы жағдай осындай шешімге себеп болған. Сол кезде бүтіндей бір отбасын қаскөйден құтқарған полиция сержанты Дархан Базарбаев қаза тапты. Оны мас бұзақы пышақтап тастады. Қазір қылмыскер уақытша ұстау изоляторында отыр. Заң бойынша ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетсек, кеше қызметтік борышын атқарудағы ерлігі мен жанқиярлығы үшін марқұм Дархан Базарбаевты III дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттау туралы Мемлекет басшысының Жарлығы шыққан еді.

25 жасында өмірі үзілген Дархан Базарбаевтың соңында әйелі мен төрт айлық баласы қалды.

«Қылмыскермен екі пәтерлі бір үйде тұрамыз. Ол мас күйінде қонаққа келіп, бізге дөрекі сөздер айтты. Бұл кезде үйде анам, әйелім және кішкентай балам болды. Оны сыртқа шығарғанда арамызда төбелес шықты. Сосын ол «бәріңді өлтіремін» деп үйінен пышақ алуға жүгіріп кеткенде біз есікті жауып, полиция шақырттық. Тәртіп сақшысы есікті ашқанда ол оған пышақ сұғып алды», - дейді құтқарылған отбасының өкілі Алексей Золотаренко.

Ал Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Құрмет Мәжікеновтің айтуынша, ол жерде тапанша қолданудың реті болмапты. Өйткені, тәртіп сақшылары бұзақының қолында пышақтың бар-жоғын білмеген.

«Ол есіктің артында тұрды және тамбурда үш адам мен төрт айлық бала болды. Жеке құрамның командирлері, полиция басқармасының бастықтары енді шақыртуларға бронежилетті қолданамыз», - дейді басқарма бастығы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары