$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда арзан нан пісіру үшін 59 млн теңге бөлінді

Алматыда нан бағасы қымбаттаған жағдайда әлеуметтік аз қамтылған жандарға арналған нан өндіру үшін  59 млн. теңге бөлінетін болды. Бұл жайында қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың аяғында Қазақстанда  әлеуметтік нанға қосымша қаржы бөлу жүйесі алынып тасталған еді.

Табысы кедейлік деңгейінен төмен азаматтарға азық-түлікке қатысты өтемақы төлеуде мекенжайлық әлеуметтік көмек институты қолданылатын. Бұл норма халықты әлеуметтік қорғау заңнамасында да көрініс тапқан еді.

"Табысы жоғары  азаматтар  мен әлеуметтік аз қорғалған жандар үшін  бөлке  нанының бағасы бірдей болды. Субсидия алынып тасталды. Осыған сәйкес, Алматыда бөлшек саудада әлеуметтік нан 62 теңге тұрса, қазір оның бағасы  67 теңгеге көтерілді. Сондықтан, «Нұр Отан» партиясы фракциясының ұсынысымен тұрмысы төмен жандарға дотация ретінде біз  60 миллион  теңге шамасында қаржы бөліп отырмыз", – деді әкім.

Нан  бағасын реттеп отырудан  бас тарту наубайханалар мен астық өңдеу кәсіпорындарының рентабельділігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында  түскен табыс  кәсіпорынды модернизациялауға, еңбек өнімділігін арттырып, бәсекеге қабілеттілікті  қалыптастыруға оң ықпал ететін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары