$ 494.87  520.65  4.91

«Арқалап апарсам да апарамын»: әжесін Меккеге апаруды көздеген бозбала дегеніне жеткен

«Ауылға барғанда әжеме өзін қажылыққа апаратынымды айттым. Сөйтіп, көршілердің үйіне арқалап апарып жүрдім», – дейді Шерхан.

Алматы облысының тұрғыны бала кезіндегі арманын орындап, әжесін қажылыққа арқалап барған. Ол үшін ер азамат екі ай дайындалған, деп хабарлайды Stan.kz.

«2018 жылдың 8 қарашасында осы арманға жету нәсіп болды. Кішкентай кезімде апам мен атам екеуі арқасына салып бақты. Бірақ, Байбақ атам дүниеден өтіп кетті. Әлі есімде, мені «Тауда өскен Алпамыс» деп еркелетіп өсірді. Біздің ауылда қайырымдылық мекеме сияқты медресе бар кішігірім. Сол жерде жаздық бағдарлама болды. Арабша үйренейін, исламды таниыншы деп дінді сол жерден үйрендім.

Намаз бастап, Алланы тани бастағаннан кейін менде сондай ой пайда болды. Ұстазым Дуанбек аға – менің осы жолға түсуіме себеп болған кісі. Мектепті бітірген соң медресеге түсіп, сол арқылы әжемді қажылыққа апару нәсіп болды. Ата-ананың разылығын алу тек қана жәннатқа баратын жол екенін сол арқылы білдім», – дейді Шерхан Мұхтарұлы «Ниет» бағдарламасында.

«Бірінші қызметім, Алматы қаласының маңындағы Талғар қайырымдылық мекемесінде болдым. Сол жерде өзім қаржылай ақша жинап, дайындалдым. Ауылға барғанда әжеме өзін қажылыққа апаратынымды айттым. Сөйтіп, көршілердің үйіне арқалап апарып жүрдім. Содан кейін қажылыққа баруға жолымыз түсті», – дейді Шерхан.

Алайда, апасы алғашында келіспеген. Өйткені, жолға шыдамаймын деп ойлапты. «Басында Шерханға «қартайған адаммын, бара алмайтын шығармын» дедім. Бірақ, ол сонда да «арқалап апарсам да апарамын» деді. Сөйтіп, барып келдім. Жақсы болды», - дейді әжесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары