$ 494.87  520.65  4.91

«Әулие Валентин күнінде өзіме гүл немесе басқа да сыйлықтар сатып алатынмын» - астаналық қыз

Оның айтуынша, жыл сайын осындай күндерді көңілсіз өткереді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

14 ақпан – Әулие Валентин күнінде сыйлықсыз қалған ару өзіне гүл сатып алғаны туралы айтып, әлеуметтік желі қолданушыларының талқысына түсті, деп хабарлайды Newsroom.kz.

Өзін Әсима деп таныстырған астаналық ару әлеуметтік желі қолданушыларына басынан өткен оқиғасын айтып берді. Оның айтуынша, жыл сайын осындай күндерді көңілсіз өткереді. Ол осы жылы мейрамды жалғыз қарсы алыпты Құрбы қыздардың гүл алып, қуанып жүргенін көрген Әсима өзіне гүл сатып алған.

«Иә, өзіме өзім гүл сыйладым. Онда тұрған не бар? Және бұл бірінші рет емес. 8 наурыз, 15 сәуір, жаңа жыл сияқты кездерде де өзіме гүл немесе басқа да сыйлықтар сатып алатынмын. Алғашында әлеуметтік желіге «рахмет» деген жазба қалдырып, сурет салып жүрдім. Ал қазір бұл жағдай маған әдетке айналып кетті. Тіпті, бұл қылығымды ешкімнен жасырмайтын хәлге жеттім», - дейді ол.

Бойжеткен қазір қыздар арасында мұндай жағдайдың жиі кездесетінін айтады. Мұның барлығы өз-өзін алдап, әлеуметтік желіде «абыройлы» болу үшін жасалатын әрекет екен.

Ал психолог мамандар қоғамның әлеуметтік желі үшін барлық қадамға баруын ауру деп есептейді. Өйткені, іштей жалғыз адам өзін жұртшылыққа мықты көрсету үшін ессіз әрекеттерге баратыны жиі кездеседі екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сыйлық