$ 449.3  489.69  4.89

2 млн қаралым: орысшасы онша емес жігіт желіде танымал әнші, актерлардан асып түсті (ВИДЕО)

Ел күлгенімен, жас жігіттің өз ісіне ынта-шынтасымен осылай кірісіп кеткеніне дән риза.

Өз бизнесін жарнамалап, желіге видео жүктеген 19 жасар жас шымкенттік ертеңінде интернеттің жұлдызы болып шыға келген. Қазір бұл видео 2 млн қаралым жинап, шоу-бизнестегі танымал әнші-актерлердің өзін шаң қаптырған, деп хабарлайды zakon.kz.

Орысшасы онша емес бұл жігіттің сөздері елді қыран-топан күлкіге қарық қылған. Өзі кейін бұл роликті үш сағат түсіргендерін жасырмапты.

Алғашқыда тілі мүлде келмеген, ең ақырында орысша жақсы сөйлеп кеттім деп ойлапты өзі.

Ел күлгенімен, жас жігіттің өз ісіне ынта-шынтасымен осылай кірісіп кеткеніне дән риза.

«Жылайте по однаму званку даставили ваш груз или тавар по пункту назначение, кампания Транском фреставляат кашественный и логистишеский сирвис и машина...», - деп қамшы салдыртпай заулайды ол видеода.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары