2020 жылдың қаңтарында Қазақстанда мемлекеттік еңбек инспекторлары 1,1 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйене отырып.
Биылғы жылдың алғашқы айында мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 69 кәсіпорында 2,3 мың жұмысшы алдында жалақы бойынша 342 млн теңгеден аса қарыз бар екенін анықтаған.
«Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 33 нұсқама беріліп, 4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қолданылған шаралардың нәтижесінде және жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 1,1 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалып, оларға 331 млн теңге төленді» делінген хабарламада.
Жалпы, қаңтар айында мемлекеттік еңбек инспекторлары 442 тексеру жүргізген. Сонда ҚР еңбек заңнамасын бұзудың 866 фактісі анықталды.