24.02.2020, 20:20

Елімізде 5 мыңнан астам шетелдік басшылық қызметтер атқарып отыр

фото: bugin.kz
Шетелдіктердің басым бөлігі құрылыс саласында – 8 582 адам (45%), тау-кен өнеркәсібінде – 2 228 адам (12%), өңдеу өнеркәсібінде – 1 586 (8%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте  –1 397 (7%).

1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 19 137 шетелдік азамат қызмет атқарып жүр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазды Azattyq Rýhy.

«Олардың ішінде бірінші санат бойынша (басшылар және олардың орынбасарлары) – 753 адам (4%), екінші санат бойынша (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) – 4 364 (23%), үшінші санат бойынша (мамандар) – 9 613 (50%), төртінші санат бойынша (білікті жұмысшылар) – 1 749 (9%), маусымдық жұмыстарда – 926 (5%), корпоративтік ауысым шеңберінде 1 732 адам (9%) тартылды.

Шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілердің саны – 2 021. Оларда 479 342 қазақстандық азамат жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын құрайды» делінген хабарламада.

Шетелдіктердің басым бөлігі құрылыс саласында – 8 582 адам (45%), тау-кен өнеркәсібінде – 2 228 адам (12%), өңдеу өнеркәсібінде – 1 586 (8%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте  –1 397 (7%).

Еңбек мигранттарының дені Қытайдан – 5 266 адам (28%), Түркиядан – 1 935 (10%), Үндістаннан – 1 896 (10%), Ұлыбританиядан – 1 434 (8%), Өзбекстаннан – 965 (5%) адам болып тұр.