Қазақ тойларының бірінде асаба жігітке ілесіп, оның түрлі әрекеттерін қайталап, тіпті, «отжимание» жасаған әженің әрекетіне көпшілік шамданып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тойдағы ойын барысында асаның істегенін қайталап, жұлқына жаттығу жасаған ақ жаулықты кісінің әрекеті түсірілген видеоны Facebook әлеуметтік желісіне Бекбол Сейткали есімді азамат жариялаған. Видеоны көрген желі белсенділері тойдағы асабаны да, жасқа еріп, жаттығу жасаған әлгі әжені де жерден алып, жерге салуда.
Мәселен олар: "Қазіргі асабалардан ұят кетті. Ойына келгенін жасатат, адамды мазақ қылып. Асаба болғанына мәз әйтеуір!", "Құтырған қазақтар", "Арсыз немелер. Адам деп айтуға ауыз бармайды. Анасын əжуалап тұрғанын мына сорлы біле ме екен!?", "Қалай ғана тиямыз мына ессіздерді!?", - деп ашынғандықтан пікірлерін жазған.
Ал енді біреулері: "Дардай әйелдер айтпай ма қой деп, асабаның істеген ерсі ісіне еріп ербеңдегенше", "Ыңғайсыз болды-ау!? Анамыз қарғам-ау, бұлай жасатуың ұят деп асабаны басып тастауы керек еді", "Ай, апалар-ай, сөйтіп жүріп жас буынға ренжиміз", "Осы асабалар кемпір-шалмен ойнайтын болғанба!?", "Ұят, басқа айтарым жоқ", "Асабалар адамдарды алаңсыз маймыл сияқты әжуа етті. Сол асабалардың айтқанын жасаймын деп үлкен кісілер де абыройсыздыққа ұшырап жүр", "Шешесіндей адамды келеке қылып. Осыларды жөнге салатын күн болар ма екен!?", - деп желі арқылы бір шулап алды.
Тағы оқи отырыңыз: «Мына қатында ес жоқ екен»: орамал таққан келіншек тойда сальто айналды (ВИДЕО)
Айтпақшы, әженің ерекше көңіл-күйі мен ерік-жігеріне риза болған асаба, ойын соңында: "Молодец, красавица, умничка", - деп камзол киіп, басына орамал таққан апа екеуі бес саусағын түйістіріп қойды.