02.03.2020, 17:40

«Шындыққа жанаспайды»: министрлік халықтың МӘСҚ алуы туралы ақпаратқа жауап берді

Фото: akce.nmnm.cz
МӘСҚ барлық азаматтарға бейресми дереккөздердегі ақпараттарға сенбеу керектігін ескертеді және көрінеу жалған ақпаратты таратқан адамның заң бойынша жауапқа тартылатындығын еске салады.

Мессенджерлерде таралған 1991 жылдан бастап 2019 жылға дейін жұмыс істейтін адамдарға МӘСҚ-дан төленетін төлемдер туралы ақпарат жалған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Түрлі хабар таратушы мессенджерлерде таратылған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – МӘСҚ) 1991-2019 жылдар аралығында жұмыс істетеген азаматтарға 600 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы төлеп жатқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстанда 2005 жылдан бастап енгізілген және еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан, жұмысынан айырылған жағдайда, жүктілік және босану немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, сондай-ақ 1 жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда жұмыс істейтін азаматтарды қолдаудың қосымша деңгейі. Яғни, барлық осы жағдайларда жүйеге қатысушы немесе оның отбасы мемлекет төлейтін әлеуметтік жәрдемақыға қосымша МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер алады", - делінген хабарламада.

МӘСҚ барлық азаматтарға бейресми дереккөздердегі ақпараттарға сенбеу керектігін ескертеді және көрінеу жалған ақпаратты таратқан адамның заң бойынша жауапқа тартылатындығын еске салады.

МӘСҚ қызметі туралы өзекті ақпарат www.gfss.kz ресми интернет-ресурсында ұсынылған.