Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде қайыр сұрайтындарға пікірін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Шындыққа тіке қарауға ұялады айтсам... Мешіттердің, базарлардың жанында отырған қайыршылардың көбі – қазақтар. Әлеуметтік желідегі қайыршылар одан да көп. Мен оларды кінәламаймын. Тек Алладан қайыр сұрап жүрген қол-аяғы бүтіндерге, жастарға күш-қуат пен намыс тілеймін!
Аллам біздің де, олардың да күнін ешкімге қаратпаса екен. Бірде-бір қазақты алақан жайдырып, қайыршы етпесе екен деп сіздер де тілеңіздерші! «Көп тілеуі – көл» дейді ғой» деп жазды ол Instagram парақшасында.