$ 449.58  486.94  4.86

Туысқанына аманатталған бір үйдің 3 баласы тірілей өртеніп кетті

Үй саман кірпіштен салынған, көлемі 15х6 метр.

Есіктегі өрттен қаза тапқан балалардың ата-анасына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел айтты, деп хабарайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, өрт болған кезде балалардың ата-анасы Бішкек қаласына тауар алып келуге кеткен.

"Олар өз көлігімен кеткендіктен, шекара аймағына арнайы көлік жіберіп, оларды Есік қаласына жеткіздік. Балаларының көз жұмғанын естіген кезде екеуі де есінен танып қалды. Қазір оларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, әкімдік тарапынан балаларды жерлеу жұмыстары ұйымдастырылуда", - дейді Ғ. Жүкел.

Сонымен қатар, ол көз жұмған балалардың бәрі мектеп жасында екенін жеткізді.

"Ата-анасы оларды апаларының үйіне қалдырып кеткен. Апаларының халі ауыр, денесінің 90 пайызын күйік шалған", - деді ол.

Алматы облысы ТЖД-нің мәліметінше, өрт 5 наурыз күні таңғы сағат 4.09 кезінде Есік қаласы Амангелді көшесі №25 үйден шыққан. Тілсіз жауды сөндіруге 2 техника мен 6 қызметкер жұмылдырылған. Өрт сөндірушілер барғанда ол жерде 90 шаршы метрлі жер үй өртеніп жатқаны анықталған.

"Өрт сағат 5.10 кезінде толықтай өшірілді. Үй саман кірпіштен салынған, көлемі 15х6 метр. Үй табиғи газға қосылған. Алдын ала болжам бойынша өрт электр сымдарының тұйықталуынан шығуы мүмкін. Өрттің алдын алу жұмыстары бұл мекенжайда 2020 жылдың қаңтар айында жүргізілген", - делінген ТЖД таратқан мәліметте.

Бұған дейін Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік қаласында үй өртеніп, оқиға орнынан үш баланың денесі табылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары