17.03.2020, 11:45

15 137 адам жұмысынан айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем алған

Фото: turkystan.kz
Бұл ретте төлем жүйеге қатысу мерзіміне және соңғы 24 айдағы кірісіне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады.

2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 15 137 азамат жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге жұмысынан айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем алған. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және 2005 жылдан бастап енгізілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – МӘСҚ) қаражаты есебінен жұмысынан айрылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлем жұмыссыз ретінде тіркелген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тағайындалады.

Бұл ретте төлем жүйеге қатысу мерзіміне және соңғы 24 айдағы кірісіне байланысты 1 айдан 6 айға дейін тағайындалады.

Ағымдағы жылғы 1 наурызға 15 137 азамат жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге төлем алды, орташа мөлшері 41 418 теңгені құрады.

Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмыс істеген 15 жыл ішінде МӘСҚ-тан төлемнің осы түріне 19,7 млрд теңге бөлінді.