$ 514.65  544.6  5.17

Атырауда балалар көпқабатты үйдің төбесінде ойнап жүр

Учаскелік полиция инспекторлары Нұрсая шағынауданына қызмет көрсететін пәтер иелері кооперативінің басшылығына ескерту жасады.

Әлеуметтік желілерде Атырау қаласындағы балалардың көпқабатты үйдің шатырында жүргені туралы бейнеролик жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балалар Нұрсая шағынауданындағы №14 үйдің шатырына ашық қалған есік арқылы шыққан. Шатырдағы балаларды қарсы бетте тұрған көпқабатты үйдің тұрғындары видеоға түсіріп, интернетке жүктеген.

«Аталған дерекке байланысты Атырау қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Нұрсая шағынауданына қызмет көрсететін пәтер иелері кооперативінің басшылығына ескерту жасады. ПИК қызметкерлері №14 үйдің шатырына шығуға арналған есікті дәнекерлеп, құлып салды. Қазір учаскелік полиция инспекторлары ПИК басшыларымен бірлесіп, көпқабатты үйлердің шатырын тексеріп жатыр», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары