22.03.2020, 00:55

«Уайымдамасаңызшы! Алып барамыз ғой»: блок-бекетте «танысы бар» такси жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)

Ол ақша табуға тырысқан. Екі мың теңгеге азаматтарды тасымалдауға уәде берген. Бекетке келіп, азаматтың 2 мың теңгесін алған да, өзі облысқа өте алмаған.

Әлеуметтік желілерге алматылық такси жүргізушісінің жолаушыларға 2 мың теңге төлесе, блок-бекеттен өткізуге көмектесетінін айтқан видеосы тараған еді. Кейін қаланың ӘПБ бастығы Жандос Мұраталиев жұртты заңсыз тасымалдауға тырысқан сол такси жүргізушісінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

«Алғашқы екі күнде қала халқы жеке төлем арқылы блок-бекеттен өтуге бола алатындығына шулай бастады. Сондықтан біз осындай адамдарды анықтау үшін топ құрдық. Бүгін таңертең бір адамды анықтадық. Оған қатысты «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ол ақша табуға тырысқан. Екі мың теңгеге азаматтарды тасымалдауға уәде берген. Бекетке келіп, азаматтың 2 мың теңгесін алған да, өзі облысқа өте алмаған. Бұл мәселені біз СДТБТ-ға тіркедік. Ол бойынша қазір тергеу жүргізілуде», - деді Жандос Мұраталиев.

Сонымен қатар, ол алғашқы күндері облыс тұрғындары блок-бекеттерден айналма жол арқылы өткенін айтты. Қазір бұл учаскелердің барлығын полицейлер жауып тастаған.

Тегтер: Алматы