Әлеумет 30.03.2020 сағат 15:00

«Жергілікті шенеуніктер артық кетті»: құқық қорғаушы Қарағандыда үйдің кіреберісін сыртынан бекіткенге наразы (ФОТО)

Оның ойынша, кіреберісте қамалып қалған адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұр. Себебі өрт немесе газ тараса, олар далаға шыға алмайды.
«Жергілікті шенеуніктер артық кетті»: құқық қорғаушы Қарағандыда үйдің кіреберісін сыртынан бекіткенге наразы (ФОТО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

 Қарағанды билігі қаладағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісін сыртынан бекітіп, адамдарды қамап тастады. Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова осы мәселеге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Омбудсменнің айтуынша, науқаспен байланыста болған адамдарды оқшаулаған дұрыс. Себебі басқаларға қауіп төндіреді. Алайда карантинге жабылған тұрғын үйге құлып салған дұрыс емес.

"Негізі, оқшаулау шарасы қажет. Бірақ тұрғын үйді жабу арқылы адамдарды іште ұстаған дұрыс емес. Оларға көмек керек болып қалса қайтеді? Мысалы, Нұр-Сұлтан мен Алматыда олай істемеді ғой. Карантинге жабылған үйлерді қоршап қойды, белгі орнатты, болды. Сонда үйдің тұрғындары көмек керек кезде аулаға шыға алады", - дейді Әзімова.

Уәкіл ішкі істер министрлігіне сауал жолдап, сыртқы есікті ашып қоюды сұрады.Танымал құқық қорғаушы Джохар Өтебеков те жергілікті билік асыра сілтеп жіберді деп отыр.  

"Жергілікті шенеуніктер артық кетті. Ондай шаралар алдымен адамның конституциялық құқығын бұзады. Төтенше жағдай кезінде адамдардың жүріп-тұруын шектеуге болады. Бірақ дәл осы жағдайда қауіпсіздік шаралары шектен шығып кеткен. Ондай жолмен жүрсек, әрбір адамды төсекке байлап тастауға да болады ғой", - дейді Өтебеков.

Оның ойынша, кіреберісте қамалып қалған адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұр. Себебі өрт немесе газ тараса, олар далаға шыға алмайды.

"Бәрін бір уақытта эвакуациялау қиынға түседі ғой. Химиялық заттарды шашқаннан кейін біреудің жағдайы нашарласа, оны да шұғыл алып шығу қажет", - деп атап көрсетті Өтебеков.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар