$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттің жергілікті полиция басшысы экспериментке қатысқан жүргізушілерге алғысын айтты (ВИДЕО)

Шымкенттегі жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан арнайы эксперимент барысында жедел-жәрдем көлігіне жол берген барлық жүргізушілерге, сондай-ақ, осы бастаманың кең таралуына үлес қосқан журналистер мен блогерлерге алғысын айтты. 

«Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің атынан және жеке өз атымнан осынау әлеуметтік роликке кездейсоқ қатысып, жедел-жәрдем көлігіне жол берген барлық жүргізушілерге, осынау бастаманы қолдап, кеңінен таралуына, жол жүру мәдениетінің қалыптасуына үлес қосқан барлық азаматтарға алғысымды айтамын. 

Сонымен қатар, журналистер мен осынау роликтің кеңінен таралуына көмектескен барлық қазақстандықтарға ерекше алғыс білдіремін. Қоғамдағы осынау проблемаға немқұрайлы қарамаудың арқасында біздің бейнеролик тұрғындар арасында кеңінен талқыланды. Алдағы уақытта да біздің арамыздағы байланыс нығая түсетініне сенімдімін. Ал, көлік жүргізушілерінен жолда жүру ережелерін сақтап, барынша сыпайы болуды сұраймын. Барлығыңыздың жолдарыңыз болсын!» делінген аталған мәлімдемеде.

Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметі жүргізушілердің этикетін анықтау мақсатында жедел-жәрдем көлігімен эксперимент жүргізіп көрген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары