Әлеумет 08.04.2020 сағат 18:20

Көкшетауда дауылдан зардап шеккен екінші адам көз жұмды (ВИДЕО)

Медициналық мекемедегілер ер адамның сағат 12.30-да қайтыс болғанын айтты.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Көкшетауда дауыл кезінде зардап шеккен екінші адам көз жұмды. Бұл туралы қала әкімі Амангелді Смайылов айтты, деп жазады Sputniknews.kz.

"1996 жылы туған ер адам бір-екі сағат бұрын қайтыс болды. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - деді ол.

Қала тұрғынының үстіне Әуелбеков көшесіндегі ғимараттың шатыры құлаған болатын. Ол бірден көпбейінді облыстық ауруханаға жеткізілді. Нейрохирургтер шұғыл ота жасады. Пациент ауыр бассүйек-ми жарақатын алған. Жағдайы өте ауыр екені айтылған болатын. 

Медициналық мекемедегілер ер адамның сағат 12.30-да қайтыс болғанын айтты. 

Еске сала кетсек, бұл күшті дауыл салдарынан көз жұмған екінші адам. Бұған дейін Бурабай ауданындағы Үрімқай ауылында 40 жастағы күзетші қайтыс болды.

Дәрігер көмегіне барлығы отызға жуық адам жүгінген.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар