14.04.2020, 23:40

Мамыражай мамыр: қазақстандықтар биыл бұл айда 13 күн демалатын болды

фото: hromtau-muzei.kz
1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі жұмаға келіп тұр. Ал 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні бейсенбіде атап өтіледі. 9 мамыр – Жеңіс күні болса, сенбіге келіп тұр.

2020 жылдың мамыр айында үш мемлекеттік мереке күні болады. Сондықтан сенбі және жексенбі күндерінен бөлек, қазақстандықтар қосымша 3 күн демалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі жұмаға келіп тұр. Ал 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні бейсенбіде атап өтіледі. 9 мамыр – Жеңіс күні болса, сенбіге келіп тұр.

9 мамыр сенбіге түскендіктен, 11 мамырда, яғни дүйсенбі күні жұмыс болмауы тиіс. Алайда, Үкімет мереке күндерін бекіту кезінде демалысты дүйсенбі, 11 мамырдан 8 мамыр күніне ауыстырған. Сәйкесінше, тұрғындар 7-10 мамыр аралығында демалады.

Сонда, бескүндік жұмыс күніндегі азаматтар 1, 2, 3, 7, 8, 9, 10, 16, 17, 23, 24, 30, 31 мамыр күндері, барлық демалыс және мереке күндерін қосқанда, 13 күн демалады.

Ал алты күн жұмыс істейтіндердің демалыс күндері – 1, 3, 7, 9, 10, 17, 24 және 31 мамыр.