$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл жай жағдай емес»: антисептикалық құралдар оразаны бұза ма?

Сондай-ақ, Бас мүфти біреудің өміріне жауапты әрі зәру қызмет иелері оразаны кейінге қалдыра алатынын айтты.

Антисептикалық құралдар оразаны бұзбайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен биылғы Рамазан айына қатысты мәліметтер бойынша баспасөз конференциясында айтылды.

«Коронавирустан қорғану үшін антисептикалық құралдар мен спирт пайдаланылады. Ол оразаны бұзбайды. Бұл жай жағдай емес, төтенше жағдай. Мұндай кезде адам өзін қорғау үшін, денсаулығына зиян тигізбейтін заттарды қолдануын шариғатымыз қолдайды», – дейді ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ, Бас мүфти біреудің өміріне жауапты әрі зәру қызмет иелері оразаны кейінге қалдыра алатынын айтты.

«Біреудің өміріне жауапты әрі зәру қызмет иелері, ұшқыш, дәрігер және тағы да кенші, металлург сияқты басқа ауыр жұмыс иелері ораза ұстауға шамасы жетпесе оны кейінге қалдыра алады. Сонымен қатар, елдің қарулы күштері бейбітшілік жағдайынан соғыс жағдайына көшірілген кезде ораза тұту әскердің қырағылығы мен жауынгерлік дайындығын әлсіретуге алып барса – оразаны тоқтатуға рұқсат етіледі. Оның орнына басқа күндері ораза ұстайды», – дейді ол.

Одан бөлек, Ершат Оңғаров коронавирус белгілері пайда болса оразаны тоқтату керегін атап өтті.

«Төтенше жағдайды ескере келе, мұндай жағдайда белгілі бір ағзаның зақымдануы, жаңа аурудың пайда болуы және аурудың асқыну қаупі күшейетініне білікті дәрігер сенімді болса – ораза ұстамауға рұқсат етіледі. Коронавирусқа ағза әлсіреп, ауру белгілері пайда болса – оразаны тоқтатып, басқа күні ораза қазасын өтеуге рұқсат етіледі», – деді наиб мүфти.

Бұған дейін Бас мүфти Рамазан айында қандай жобалар жүзеге асырылатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ораза айт