24.04.2020, 17:00

«Басынан бір тепші»: Атырауда «COVID-19-дың» өзі балаларды аулада ойнатып жүр (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот
Оқиға Атырау қаласындағы "Нұрсая" ықшам ауданында болған.

Пандемия кезінде балаларға аулада ойнауға тыйым салынғанмен, Атырау қаласының тұрғындары "коронавируспен" ойнап жүр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желідегі @atyrauoil.official коронавирустың сұлбасымен тігілген киімді киіп алған адамдардың балалар ойнайтын аулада жүрген видеосын парақшаға жүктеген.

Оқиға Атырау қаласындағы "Нұрсая" ықшам ауданында болған. Пікір білдірушілердің сөзіне сенсек, үлкендер осы киім арқылы балаларды қорқытпақ болған, бірақ балалар мәз.

Видеодағы балалардың бірі: "Ата, коронавирус қозғалып жатыр", - деп жар салып айқайлауда. Ал айналасында балалар жайбарақат қарап жүр.

Желі қолданушылар да бұл көріністі көріп, мазаққа айналдыруда. 

"Басынан бір тепші", "Қасқа, одан қорқып жатқан ешкім жоқ", "Негізі жоламаңдар деген мағына еді ғой", "шығармайтындары жоқ", "креатив", - деп күліп жатыр олар.