$ 494.87  520.65  4.91

«Киіз үй – осындай жағдайда таптырмас мүлік!»: журналист халыққа тың ұсыныс тастады

«Бұдан былай ауылды жерлерде, жалпы, жер үйде тұратын халықтың ойында болса екен... шамаңызға қарай шағын, арзан киіз үй жасатып қойыңыздар», - дейді әріптесіміз.
фото: homsters.kz
фото: homsters.kz

Белгілі журналист, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы facebook парақшасына апатты жағдайда қалың бұқара басына пана ете алатындай қазақы киіз үйлерді көбейту керектігін еске салды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шын мәнінде, ғасырлар бойы исі қазақтың қарашаңырағы болып келген киіз үйдің қадірі осындайда білінсе керек. Ол туралы әріптесіміз бұдан бұрын да бір мақала жазған болатын.

«Жалпы, осы тасқын болған күннен бері, әсіресе, Мақтаралда далада қалған, «бетонка» жолында бытырап жүрген халықты көргенде, баяғыда «Айқынға» жазған (Қызылағаш тасқыны кезінде жазылған) бір мақалам ойыма қайта-қайта орала береді...

«Төтенше жағдайға арнап Қазақстанның әр облысы бірнеше мың шағын, ықшам киіз үй жасап, қоймада сақтау керек» деген ой-ұсыныс айтқан едім... басқа да ойлар айтылған... ұмытып отырмын...

Киіз үй – осындай жағдайда таптырмас мүлік. 11 жылда 11 мың киіз үй жасап қоюға болар еді... Болашақта Үкімет ондайды жасар-жасамас. Бұдан былай ауылды жерлерде, жалпы, жер үйде тұратын халықтың ойында болса екен... шамаңызға қарай шағын, арзан киіз үй жасатып қойыңыздар.

Кез келген жағдайда құрып тастап, пайдалана бересіздер. Көтеріп, артып жүре беруге ыңғайлы жағын қарастырыңыздар. «Сақтансаң, сақтайды» деген сол...», - дейді Сәуле Әбілдаханқызы.

Қазір көптеген оқырман бұл ұсынысқа бірауыздан қолдау білдіріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары