Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы «егіздер ауылы» атанып кеткен Ү. Түктібаев елді мекенінде тұратын Алтынбаевтар әулетінде үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдік мәліметінше, бұл ауылда бұрын 23 егіз, 1 үшем дүниеге келген. Ал 42 жастағы Қуаныш Алтынбаев пен 32 жастағы Айгерім Махамбетжанова бұдан бұрын 5 балалы отбасы болатын. Енді олардың қатарына Айғаным, Айғанат, Асылым есімді үш қыз қосылып отыр.
Жас ана нәрестелерді Қызылорда қаласындағы Ана мен бала орталығында дүниеге алып келді. Үшемдер қазір дәрігерлердің бақылауында.