Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында экономика салаларын қалпына келтіру және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірнеше нақты шешімдер қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.
2020 жылғы 13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларымен әуе қатынасы ашылады.
2020 жылғы 18 мамырдан бастап мына нысандарға санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат беріледі: қонақ үйлер; қоғамдық тамақтану объектілері (30 адамдық орынмен); таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдары;
2020 жылғы 18 мамырдан бастап діни мекемелерге (жалпы ғимараттың қызмет көлемінің 30 пайызын ғана толтыра отырып).
Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің талаптарын ескере отырып, ішкі темір жол қатынасын 2020 жылғы 1 маусымнан бастап кезең-кезеңмен жандандыру жоспарланып отыр. Билеттер 2020 жылғы 15 мамырдан сатыла бастайды.
Сонымен қатар, жиында шетелдегі Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселелері қаралды.