Қостанайлық белсенді тұрғылықты жерінің көшелерінің қазіргі ахуалын әжуалайтын қысқаметражды көркем фильм түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол фильм барысында бейбіт күнде бұзылған шұрық-тесік жолдарды назарға алған. Сол арқылы Қостанай көшелерін ұрыс даласына ұқсатып отыр. Автордың ойынша фильмге түсірген көшелерде көліктен гөрі жаяу жүрген тиімдірек.
"Ұлы Отан соғысындағы жеңістен бері 75 жыл өтті. Әйтсе де, Қостанайдың жолдары әлі күнге дейін ұрыс даласына ұқсайды. Тек автокөлік тізгіндеушілер жолдағы ой-шұқырға наразы.
Жағдайдың қисынсыздығына қарамастан, бұл шындыққа жанасады. 2020 жылы Қостанай облысындағы жолдарды жөндеуге тағы миллиардтаған теңге бөлінген. Бюджеттің қалай игерілгені жолдың сапасына қарай айқындалады емес пе?
Әлде, асфальт тағы да өткен жылдардағыдай қармен еріп кете ме? Биыл қала тұрғындары жолдардағы тесіктер мен шұңқырлардың рекордтық санына жетті. Сол ойық-тесіктердің "арқасында" көлік жүргізу қауіпке айналды. Мұндай жағдайда танкке қайта ауысу керек немесе жаяу жүру әлдеқайда тиімді", - деп жазды фильм авторы Тоқтар Мамедов Instagram парақшасында.
Айтпақшы, Қостанай көшелерінің сапасыздығына налыған автор фильмге соғыс даласының эффектілерін қосқан.