$ 494.87  520.65  4.91

Америкалықтар асырап алған қазақ қызы биологиялық ата-анасын тапты

Көптеген желі қолданушылары ата-анасын іздеп жүрген қыздың оқиғасымен бөлісіп, ақпаратты барынша таратқан болатын.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

АҚШ азаматтары асырап алған 20 жастағы Азия Бергер жақында қазақстандықтардан биологиялық ата-анасын іздеп табуға көмектесуді сұраған болатын. Енді бойжеткеннің анасын тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат парталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Азия Бергер Қазақстандағы биологиялық ата-анасын іздеп жүргенін Facebook қолданушысы Талғат Аламановқа берген сұхбатында айтқан еді. Айтуынша, оны 19 жыл бұрын Семейде асырап алған. Сондай-ақ ол биологиялық ата-анасының есімдерін де атап берген.

Көптеген желі қолданушылары ата-анасын іздеп жүрген қыздың оқиғасымен бөлісіп, ақпаратты барынша таратқан болатын. Соның арқасында бойжеткен ақыры мақсатына жетіп, туған анасын тапқан көрінеді.

Жақында ол өзі жариялаған посттың астына пікір қалдырып, онда өзінің өтінішіне бей-жай қарамай, қол ұшын созған жандарға алғысын білдірген.

Тағы оқи отырыңыз:

«Есімім - Салтанат»: Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы биологиялық ата-анасын іздейді (ВИДЕО)

Сондай-ақ туған анасымен хабарласқанын жеткізген. "Біз бақыттымыз! Көмектескендеріңіз үшін барлығыңызға рақмет", – деп жазды Азия.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Азия қазір Флоридада тұрады, отбасында екі бауыры бар. Колледжде өнер саласында оқиды. Бойжеткеннің сөзіне қарағанда, оның биологиялық ата-анасының есімдері – Құралай және Қуат Ашқановтар. 2000 жылы туған Азияны 2001 жылы америкалық отбасы асырап алған екен. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары